Альваро Арбелоа осы маусымнан кейін Реал Мадрид клубының бас бапкері қызметінде қалатынына қатысты пікір білдірді.
— Мен «Реалда» қаламын ба? Бұл менің шешімім емес. Мен болашағым туралы мүлде алаңдамаймын. Қазір мені тек осы қалған жеті матч, әсіресе ертеңгі ойын қызықтырады. Менің болашағым — клубтың шешімі. Біз әр апта сайын байланыстамыз, қарым-қатынасымыз өте жақсы. Сондықтан мені алаңдататын жалғыз болашақ — ертеңгі күн. Бұл жеті матч ойлағаннан да маңызды. Ертең соны дәлелдеуіміз керек, — деді Арбелоа.
21 сәуірден 22 сәуірге қараған түні Реал Мадрид Испания чемпионатында Алавес командасымен ойнайды. Айта кетейік, мадридтік клуб Барселона командасынан Ла Лигада тоғыз ұпайға қалып келеді.