Алматылық «Қайрат» еурокубоктарға дайындық және оған қатысуына байланысты ҚПЛ матчтарының кестесіндегі өзгерістер туралы хабарлады.
«„Қайрат“ ФК еурокубоктарға қатысуға дайындық аясында команданың алдағы матчтар кестесіндегі өзгерістер туралы хабарлайды.
**26 сәуірде** «Қайрат» Премьер-лиганың 7-туры аясында Алматыдағы Орталық стадионда «Елімайды» қабылдайды. Осыдан кейін команданы бірқатар сырт алаңдағы матчтар күтіп тұр.
**29 сәуірде** «сары-қаралар» Қызылордада Қазақстан Кубогының 1/8 финалында «Қайсармен» ойнайды. Кездесу жеңімпазы турнирдің ширек финалына жолдама алады.
**2 мамырда** «Қайрат» Премьер-лиганың 8-турындағы «Ертіске» қарсы матчын Павлодардағы Орталық стадионның жөндеуіне байланысты «Астана Аренада» өткізеді.
**6 мамырда**, күнтізбедегі резервтік күнде, команда Премьер-лиганың ауыстырылған 20-туры аясында Қызылордада тағы да «Қайсармен» ойнайды.
**10 мамырда** «Қайрат» Жезқазғанда Премьер-лиганың ауыстырылған 22-туры аясында сырт алаңда «Ұлытаумен» кездеседі», — деп хабарланды клубтың Instagram парақшасында.
Елдің қазіргі чемпионы — 2026/2027 жылғы Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіне қатысатын Қазақстанның жалғыз өкілі. Басты еурокубоктың осы маусымындағы ортақ кезеңінде «Қайрат» сегіз матчта бір ұпай жинап, топта соңғы 36-орынға тұрақтаған б
олатын.