Френк Лэмпард Чемпионшиптің үздік бапкері атанды

Автор
Алихан Ибраев
Автор
20.04.26, 08:08
«Ковентри Сити» клубының бас бапкері Фрэнк Лэмпард Англияның күші жағынан екінші футбол дивизионы – Чемпионшипте маусымның үздік жаттықтырушысы атанды, деп хабарлайды лиганың баспасөз қызметі.
Френк Лэмпард Чемпионшиптің үздік бапкері атанды
Сурет: ашық дереккөздерден

Жұма, 17 сәуір күні «Ковентри Сити» «Блэкбернмен» 1:1 есебімен тең ойнап, мерзімінен бұрын кемінде екінші орынды қамтамасыз етті және 2000/2001 маусымынан бері алғаш рет АПЛ-ға жолдама алды.

Лэмпард «Ковентриді» 2024 жылдың қарашасында тізгіндеген. Бұған дейін ол «Дерби Каунти», «Челси» және «Эвертон» клубтарында жұмыс істеген.

«Жақында мен ерекше толқынысты сәтті бастан өткердім: сол кезде біз үшін өте маңызды нәрсені сәл ғана жіберіп ала жаздағанымды түсіндім. Мен 16 ай бұрын келген клуб қиын кезеңді бастан кешірді — тығырыққа тіреліп, бірақ қайта орала алды. Футбол әрқашан адамдармен және жанкүйерлермен байланысты, ал мен осы маңызды кезеңді сәл ғана өткізіп ала жаздадым.

Клубтың дамуына қосқан үлесі үшін Марк Робинске алғыс айтқым келеді, сондай-ақ иесі Дуг Кингке ризашылығымды білдіремін. Қазір мен тамаша ойыншылар тобымен жұмыс істеп жатырмын. Ұжымға келгенде бір нәрсені есте сақтау керек: футболдағы талант маңызды, бірақ одан да құндысы — ойыншылардың бір-біріне қамқор болуы, тынымсыз жаттығуы, бір-бірін қолдауы және бірге күле білуі. Міне, нағыз қазына осы. Бұл оқиға – керемет, және оның бір бөлігі болғаныма шын жүректен қуаныштымын», — деді Лэмпард Чемпионшиптің ресми сайтына берген сұхбатында.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

20.04.26, 08:08

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
28
2
Қайрат
26
3
Оқжетпес
23
4
Елімай
20
5
Астана
19
6
Ұлытау
19
7
Ақтөбе
16
8
Жеңіс
16
9
Қызылжар
15
10
Атырау
14
11
Жетісу
13
12
Қайсар
10
13
Ертіс
8
14
Алтай
8
15
Каспий Ақтау
8
16
Тобыл
8