Дереккөз мәліметінше, 58 жастағы маманның болашағы кем дегенде тағы бір маусым «корольдік клубпен» байланысты емес. Клопптың ұзақмерзімді мақсаты — Германия ұлттық құрамасын жаттықтыру мүмкіндігі, алайда бұл оның басты басымдығы емес.
Неміс маманының бапкер ретіндегі соңғы жұмыс орны — 2015 жылдан 2024 жылға дейін тізгінін ұстаған «Ливерпуль» клубы болды. Клопптың жетекшілігімен мерсисайдтықтар Чемпиондар лигасын жеңіп алып, Англия чемпионы атанды.
Қаңтар айынан бері мадридтік «Реалдың» бас бапкері — Альваро Арбелоа. Бұған дейін БАҚ-та испандық маманның жазда клубтан кетуі мүмкін екені хабарланған еді.