Анарбеков «Қайраттың» жарқын жеңісінен кейінгі мойындауымен таңғалдырды

Автор
Алихан Ибраев
Автор
19.04.26, 10:16
«Қайрат» қақпашысы клубтағы сенімді ойынының сырын ашты.
Анарбеков «Қайраттың» жарқын жеңісінен кейінгі мойындауымен таңғалдырды
Сурет: ашық дереккөздерден

Алматылық «Қайрат» пен Қазақстан құрамасының қақпашысы Темірлан Анарбеков эксклюзивті сұхбатында Sports24.kz тілшісіне Қазақстан премьер-лигасының алтыншы турындағы «Каспийге» қарсы жеңіс туралы пікір білдірді.

КПЛ-дағы «құрғақ» серия құпиясы жайлы

Қазақстан Премьер-лигасының алтыншы турында «Қайрат» Алматыда ақтаулық «Каспийді» 2:0 есебімен тізе бүктірді. Бұл ойын Темірлан үшін КПЛ-2026 маусымындағы алты матчтың бесеуінде қақпасына гол жібермеген кезекті кездесу болды. Бұдан бөлек, Анарбеков Алматы командасының өз алаңындағы ойындарында әлі бірде-бір гол жіберген жоқ.

«Құрғақ серия ма? Бұл – команданың, бапкерлік штабтың еңбегі. Ойын тактикасын дұрыс таңдаймыз, сондықтан гол жібермей келеміз. Мен командаға көмектесуді қалаймын және қақпама гол жібермеу үшін барымды саламын. Ойын бойы зейінімді жоғалтпауға, әрдайым дайын болуға тырысамын», – деп бөлісті «Қайраттың» қақпашысы.

Айта кетейік, «Қайрат» турнирлік кестеде көшбасшылықты сақтап келеді. Рафаэль Уразбахтин шәкірттерінің еншісінде 14 ұпай бар.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
14
2
Ордабасы
12
3
Елімай
12
4
Қызылжар
11
5
Оқжетпес
11
6
Ұлытау
11
7
Астана
9
8
Жетісу
8
9
Атырау
7
10
Ақтөбе
7
11
Ертіс
6
12
Жеңіс
6
13
Қайсар
4
14
Алтай
3
15
Тобыл
2
16
Каспий Ақтау
1