Алматылық «Қайрат» пен Қазақстан құрамасының қақпашысы Темірлан Анарбеков эксклюзивті сұхбатында Sports24.kz тілшісіне Қазақстан премьер-лигасының алтыншы турындағы «Каспийге» қарсы жеңіс туралы пікір білдірді.
Қазақстан Премьер-лигасының алтыншы турында «Қайрат» Алматыда ақтаулық «Каспийді» 2:0 есебімен тізе бүктірді. Бұл ойын Темірлан үшін КПЛ-2026 маусымындағы алты матчтың бесеуінде қақпасына гол жібермеген кезекті кездесу болды. Бұдан бөлек, Анарбеков Алматы командасының өз алаңындағы ойындарында әлі бірде-бір гол жіберген жоқ.
«Құрғақ серия ма? Бұл – команданың, бапкерлік штабтың еңбегі. Ойын тактикасын дұрыс таңдаймыз, сондықтан гол жібермей келеміз. Мен командаға көмектесуді қалаймын және қақпама гол жібермеу үшін барымды саламын. Ойын бойы зейінімді жоғалтпауға, әрдайым дайын болуға тырысамын», – деп бөлісті «Қайраттың» қақпашысы.
Айта кетейік, «Қайрат» турнирлік кестеде көшбасшылықты сақтап келеді. Рафаэль Уразбахтин шәкірттерінің еншісінде 14 ұпай бар.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.