Нәтижелі өткен матч қорытындысында «Интер Майами» 3:2 есебімен жеңіске жетті. Қонақтар сапында жұлдызды аргентиналық Лионель Месси екі рет (18 және 79-минуттарда) көзге түссе, тағы бір голды Херман Бертераме (45+5) өз еншісіне жазды. «Колорадо Рэпидс» құрамында Рафаэль Наварро (58) мен Даррен Япи (62) гол соқты. Ойынның видео сәттері төменде ұсынылған.
Осылайша, «Интер Майами» 15 ұпай жинап, Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде екінші орынға көтерілді. Ал «Колорадо Рэпидс» 12 ұпаймен Батыс конференциясында сегізінші орында тұр.