Грозныйлық команданың бапкері құрамда Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Галымжан Кенжебек бар екенін атап өтіп, қажет болған жағдайда ол алаңда көшбасшының орнын баса алатынын айтты.
— Мұндай ойыншыны [Лечи Садулаев сияқты] дәл осындай матч алдында жоғалтқың келмейді, бірақ ол өзінде үш сары қағазы бар екенін білді, төртіншісін алды — енді ойнамайды. Сол үшін команда бар, оны алмастыратын ойыншылар жеткілікті. Бізде Мансилья бар, бұл позицияда Кенжебек бар. Қайсысы жақсы дайын болса, соны таңдаймыз — екеуі де жақсы формада. Тағы бір мәселе — матчқа тактикалық тұрғыда қалай дайындалатынымыз, кім бастайды, кім кейін қосылады. Көреміз, ойын оңай болмайды, 90 минутқа күшті дұрыс бөлу керек, — деді Черчесов матч алдындағы сұхбатында.
Спартак — Ахмат кездесуі 19 сәуір күні өтеді және Қазақстан уақытымен 19:00-де басталады.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.