Мақалалар
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

«Мақсатымыз – Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шығу»: «Ордабасының» жаңа бапкері

Бүгін ҚПЛ чемпиондары жаңа бапкерін ресми жариялады.

Алихан Ибраев
Автор ·
2 минут оқу
«Мақсатымыз – Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шығу»: «Ордабасының» жаңа бапкері
Сурет: ашық дереккөздерден

Бельгиялық маман Карел Герартс шымкенттік «Ордабасы» клубының бас бапкері қызметіне тағайындалғаннан кейін алғаш рет сұхбат берді.

«Біздің мақсатымыз – матчтарда жеңіске жету, футболдан ләззат алып, әдемі ойын көрсету. Ең бастысы, бәріміз бір мақсат жолында жұмыла білуіміз керек. Біз чемпионатта да, Қазақстан Кубогында да жеңіске жеткіміз келеді. Өткен маусымда команда «алтын дубль» жасады. Енді сол жетістікті қайталауға тырысамыз. Дегенмен, алдымен бізді Суперкубок матчы күтіп тұр. Бәріміздің үлкен мақсатымыз – Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шығу. Ол үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз.

Ал Шымкенттен не күтемін? Әрине, қонақжайлылықты. Бұл қала өзінің кең пейілді халқымен танымал. Мұндағы адамдар өте керемет. Былтыр «Ордабасының» қандай мереке ұйымдастырғанын көрдім. Енді сондай қуанышты сәтті өзім де бастан өткергім келеді», – деді Герартс.

2026 жылғы маусым қорытындысы бойынша «Ордабасы» 68 ұпай жинап, Қазақстан чемпионы атанды.

Карел Герартс бұған дейін бапкерлік мансабында бельгиялық «Юнион Сент-Жиллуаз» бен германиялық «Шальке 04» клубтарын жаттықтырған.

Пікірлер (0)

Клубтардың ресми серіктесі

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.