«Брентфорд» «Манчестер Юнайтедті» тас-талқан етті
«Қызыл сойқандар» қауіпті аймақтан әлі де шыға алар емес.
Англия Премьер-лигасының 2026/2027 жылғы маусымындағы 12-тур аясында «Манчестер Юнайтед» пен «Брентфорд» командалары кездесті. Манчестер қаласындағы «Олд Траффорд» стадионында өткен матчта Роберт Джонс бас төреші қызметін атқарды. Кездесу қонақтардың 4:0 есебімен жеңісімен аяқталды.
Ойынның 19-минутында «Брентфорд» шабуылшысы Каллум Уилсон есеп ашты. 32-минутта ол дубль авторы атанды. Ал 82-минутта қонақтар қорғаушысы Кристоффер Аер есеп айырмасын ұлғайтты. Кездесудің 90+1-минутында вингер Кевин Шаде матчтың соңғы нүктесін қойды.
Осылайша, «Манчестер Юнайтед» Чемпионшипке түсіп қалу аймағында қалып отыр. «Қызыл сойқандардың» еншісінде 12 матчтан кейін небәрі сегіз ұпай бар. Ал «Брентфорд» маусымдағы ұпай санын 20-ға жеткізіп, турнир кестесінде бесінші орынға көтерілді.
Пікірлер (0)
Ең сенімді букмекер
нұсқасы бойынша
Толығырақ