Баокеннің «Кызылжарға» ауысатыны туралы ақпарат айдың басында-ақ шыққан еді, ал бүгін трансфер ресми түрде жарияланды. Transfermarkt мәліметінше, африкалық футболшының қазақстандық клубпен келісімшарты 2026 жылдың соңына дейін жасалған.
Францияда туған Стефан Баокен жергілікті Ницца, Страсбур және Анже клубтарында ойнаған. Сонымен қатар ол шотландиялық Сент-Миррен және түркиялық Касымпаша мен Кайсериспор командаларының намысын қорғады.
Ұлттық құрамалар деңгейінде Францияның жастар құрамасында (U-21) және Камерунның негізгі құрамасында ойнап, оның сапында Африка ұлттар кубогының қола жүлдегері атанған.