Клубтың нағыз олжасына айналған ойыншының Қазақстанға келуі кездейсоқтық емес екен.
Ойыншының мүддесін қорғайтын Даниялық агент Аннфинн Гаардтың айтуынша, бұл трансфердің артында үлкен жоспар тұрған. Белгілі маман Әлішер Әпсалямов Бьярталидтің ойынына бұрыннан көз тігіп, оны өз командасынан көргісі келген.
Биылғы жылдың қаңтарында Йоаннес еркін агент мәртебесін алып, ешқандай кедергісіз жаңа клуб іздеуге мүмкіндік алды. Осылайша “Қызылжар” Еуропалық деңгейдегі сұрмерген үшін бұрынғы клубына бір тиын да төлеген жоқ – ол Қазақстанға тегін келді.
Бьярталид – жай ғана легионер емес, ол өз елінің футболындағы ерекше тұлға. Оның гол соғу түйсігі мен тәжірибесі Петропавл клубының шабуыл шебін айтарлықтай күшейтті. Тегін келген ойыншының бүгінде клуб үшін пайдасы орасан зор болып отыр.
Агенттің айтуынша, ойыншының Қазақстанды таңдауына клуб басшылығының табандылығы мен ұсынылған жобаның қызықтылығы әсер еткен.
“Әлішер Йоаннесті бұрыннан қалаған болатын. Қаңтарда ол еркін агент атанған сәтте, бұл мүмкіндікті мүлт жібермей, трансферді сәтті аяқтадық." – дейді Аннфинн Гаард.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.