Мбаппе франциялық клубпен келісімшартын ұзартты
Француздық «Лилль» клубы 19 жастағы жартылай қорғаушы Этан Мбаппемен келісімшартты ұзартты.
Итан – Килиан Мбаппенің інісі
Жаңа келісім 2029 жылдың жазына дейін жасалды. Осылайша, тараптар футболшымен арадағы келісімді тағы екі маусымға ұзартуға келіскен. Бұған дейінгі келісімшарт 2027 жылдың маусымында аяқталуы тиіс еді.
Этан Мбаппе «Пари Сен-Жерменнен» кеткеннен кейін 2024 жылғы 4 шілдеде «Лилльмен» алғашқы кәсіби келісімшартына қол қойған. Ол алғашқы маусымында 14 матчқа қатысса, келесі маусымда 22 кездесуде алаңға шығып, үш гол соқты.
Ал биылғы маусымда жартылай қорғаушы барлық турнирде 12 матч өткізіп, екі гол мен үш нәтижелі пас авторы атанды. Сондай-ақ қыркүйек айында Францияның жастар құрамасында дебют жасады.
Пікірлер (0)
Ең сенімді букмекер
нұсқасы бойынша
Толығырақ