Мақалалар ХК «Барыс» Серіктес«Барыс» ХК
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

«Ұлын ойнатып жүр»: Ресейде «Барыстан» жеңілген бапкердің басы дауға қалды

Ресейлік белгілі хоккей журналисі Алексей Шевченко «Барысқа» қарсы ойыннан кейін «Северстальдің» бас бапкері Андрей Козыревті сынға алды.

Алихан Ибраев
Автор ·
2 минут оқу
«Ұлын ойнатып жүр»: Ресейде «Барыстан» жеңілген бапкердің басы дауға қалды
Коллаж

Оның айтуынша, бапкердің өз ұлы Марк Козыревті алаңға шығаруы команданың жеңілісіне тікелей себеп болған.

Еске салсақ, 25 қарашада Астанада өткен кездесуде «Барыс» 2:1 есебімен жеңіске жеткен еді. Ойынның екінші кезеңінде Марк Козырев «Барыс» шабуылшысы Әлихан Өмірбековтің бетінен таяқпен ұрып, айып алаңына қуылды. Астаналықтар осы сан басымдығын мүлт жібермей, Джастин Бэйли жеңіс шайбасын соқты.

«Марк Козыревтің ойыннан шеттетілуінен кейін «Барыс» жеңіс голын соқты. Бірақ бұл жерде басты мақсат жеңіске жету емес, демеушінің есебінен баласына ойын тәжірибесін беру сияқты», деп жазды Шевченко өз Telegram-арнасында даулы сәттің видеосын бөлісіп

Бұл жеңіс «Барыстың» үш матчқа созылған жеңілістер сериясына нүкте қойып, Батыс конференциясы көшбасшыларының бірі — «Северстальдің» алты ойындық жеңісті жолын үзді. Осы ұпайлардың арқасында елордалық клуб Шығыс конференциясындағы плей-офф аймағына қайта көтерілді.

Пікірлер (0)

Клубтардың ресми серіктесі

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.