Мақалалар ХК «Барыс» Серіктес«Барыс» ХК
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

Дастан Сәтпаевтың командасы 8 ойын қатарынан жеңістің дәмін сезбеуде

Англия Чемпионшипінің 17-турында Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев өнер көрсететін «Бернли» өз алаңында «Бирмингем Ситиден» 0:2 есебімен есе жіберді.

Алихан Ибраев
Автор ·
1 минут оқу
Дастан Сәтпаевтың командасы 8 ойын қатарынан жеңістің дәмін сезбеуде
Сурет: ашық дереккөздерден

Қонақтар 7-минутта Аугуст Прискенің голымен есеп ашты. Екінші таймның басында (52-минут) Джейдон Банель өз қақпасына доп салып, «Бирмингемнің» басымдығын арттырды. 87-минутта қонақтар сапынан Демарай Грей пенальтиді дәл орындай алмады.

Дастан Сәтпаев бұл кездесуге қатысқан жоқ, өтінімге де енбеді. Бұған дейін команданың бас бапкері Фабио Челестини қазақстандық шабуылшының жарақатынан айығу үшін «Челсиге» оралғанын хабарлаған еді.

17 турдан кейін 11 ұпай жинаған «Бернли» турнир кестесінде 23-орында тұр. Ал 32 ұпайы бар «Бирмингем Сити» төртінші сатыға жайғасты.

Пікірлер (0)

Клубтардың ресми серіктесі

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.