Чемпиондар лигасында тарихи антирекорд тіркелді
Праганың «Славиясы» УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі бесінші турда өз алаңында испаниялық «Вильярреалға» 0:1 есебімен есе жіберді.
Бұл жеңіліс чехиялық клуб үшін тарихи оқиғаға айналды: команда турнирдегі жеңіссіз сериясының ұзақтығы бойынша жаңа антирекорд орнатты.
Ойын жайлы
Кездесудегі жалғыз гол 62-минутта соғылды. Испаниялық командаға жеңіс сыйлаған — канадалық жартылай қорғаушы Тейджон Бьюкенен. Прага клубы есепті теңестіре алмады да, Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі жеңіссіз сериясын 24 матчқа дейін ұзартты.
Антирекорд
«Вильярреалмен» кездескенге дейін чехиялық команда Еуропаның басты клубтық турниріндегі антирекордты Бухарестің ФКСБ командасымен бөлісіп келген еді: олар Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде қатарынан 23 матч бойы жеңіске жете алмады. Енді «Славия» бұл антирекордтың жалғыз иесі атанды. Айта кетейік, Прага клубы Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі жалғыз жеңісіне сонау 2007 жылдың қыркүйегінде қол жеткізген. Содан бері 19 жылдан астам уақыт өтсе де, чехиялық команда бұл жетістігін қайталай алмады.
Пікірлер (0)
Ең сенімді букмекер
нұсқасы бойынша
Толығырақ