Харри Кейн әлемдегі үздік вингерді атады

Автор
Fonteam редактор
Автор
17.04.26, 07:23
Мюнхендік Бавария клубының және Англия құрамасының шабуылшысы Харри Кейн командаласы — Франция құрамасының қанат шабуылшысы Майкл Олисе туралы жоғары пікір білдірді.
Харри Кейн әлемдегі үздік вингерді атады
Сурет: ашық дереккөздерден

«Қазіргі таңда Майкл Олисе — әлемдегі ең үздік вингер деп айтар едім», — деп Кейіннің сөзін белгілі журналист әрі инсайдер Фабрицио Романо өзінің X парақшасында келтірді.

Айта кетейік, жақында Goal.com порталы 2026 жылғы «Алтын допқа» басты үміткерлердің жаңартылған рейтингін жариялады. Онда Харри Кейн бірінші орынға ие болса, Майкл Олисе екінші сатыға жайғасты.

Ағылшын шабуылшысы биылғы маусымда «Бавария» сапында барлық турнирде 42 матч өткізіп, 50 гол соғып, 6 нәтижелі пас берді. Ал француз ойыншысы мюнхендік клуб құрамында 43 кездесуде 18 гол мен 29 ассист тіркеді.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
14
2
Ордабасы
12
3
Елімай
12
4
Қызылжар
11
5
Оқжетпес
11
6
Ұлытау
11
7
Астана
9
8
Жетісу
8
9
Атырау
7
10
Ақтөбе
7
11
Ертіс
6
12
Жеңіс
6
13
Қайсар
4
14
Алтай
3
15
Тобыл
2
16
Каспий Ақтау
1