Мақалалар ХК «Барыс» Серіктес«Барыс» ХК
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

Аргентинаның бас бапкері Лионель Скалони велоспорттан әлем чемпионатына қатысады

Аргентина ұлттық футбол құрамасының бас бапкері Лионель Скалони велоспорттан өткен Gran Fondo Siete Lagos жарысында жүлделі орынға ие болып, 2027 жылғы әлем чемпионатына жолдама жеңіп алды.

Fonteam редактор
Автор ·
2 минут оқу
Аргентинаның бас бапкері Лионель Скалони велоспорттан әлем чемпионатына қатысады
Сурет: ашық дереккөздерден

TyC Sports басылымының мәліметінше, 48 жастағы маман Аргентинаның Патагония аймағында ұйымдастырылған жарыста 45–49 жас аралығындағы қатысушылар арасында үшінші орын алған. Ол Сан-Мартин-де-лос-Андестен Вилья-Ла-Ангостураға дейінгі 110 шақырымдық қашықтықты 2 сағат 51 минут 54 секундта бағындырды. Бұл санатта барлығы 179 ер адам бақ сынаған. Жарысқа Аргентина құрамасының тағы бір жаттықтырушысы Пабло Аймар да қатысты.

Айта кетейік, биыл Gran Fondo Siete Lagos жарысы 15 жылдық тарихында алғаш рет Халықаралық велоспорт одағының (UCI) ресми күнтізбесіне еніп, әлем чемпионатына іріктеу кезеңі мәртебесін алды.

Жарыстың жүлдегерлері 2027 жылдың тамыз айында Францияның Жоғарғы Савойя аймағында өтетін әлем чемпионатына қатысу құқығына ие болды. Алайда әзірге Скалонидің Францияға баратыны белгісіз.

Лионель Скалони 2018 жылдан бері Аргентина құрамасын жаттықтырып келеді. Оның жетекшілігімен команда екі рет Америка кубогын (2021, 2024), 2022 жылы Финалиссиманы және әлем чемпионатын жеңіп алды.

Қараша айында маман Аргентина футбол қауымдастығымен келісімшартын 2030 жылға дейін ұзартты.

Пікірлер (0)

Клубтардың ресми серіктесі

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.