Мақалалар ХК «Барыс» Серіктес«Барыс» ХК
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

«Ақтөбе» қысқы ОЖЖ өткізу мерзімі мен орнын атады

«Ақтөбе» жаңа маусымға дайындық аясындағы алғашқы оқу-жаттығу жиынының мерзімі мен өтетін орнын жариялады, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Fonteam редактор
Автор ·
1 минут оқу
«Ақтөбе» қысқы ОЖЖ өткізу мерзімі мен орнын атады
"Ақтөбе" ФК

Команда Түркияның Анталья қаласында жиналып, 13-26 желтоқсан аралығында маусымалды дайындықтың алғашқы кезеңін өткізеді.

Желтоқсандағы жиында бапкерлер штабы негізгі басымдықты ойыншылардың физикалық бабын қалпына келтіруге береді. Сонымен қатар Түркиядағы ОЖЖ бағдарламасында қарағандылық «Шахтерге» қарсы жолдастық кездесу жоспарланған.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Ақтөбе» бас бапкер Игорь Черевченкомен, сондай-ақ бірқатар негізгі футболшылар – қақпашы Александр Заруцкий, жартылай қорғаушы Георгий Жуков және қорғаушы Иван Ордецпен келісімшарттардың ұзартылғанын ресми түрде растаған болатын.

Қазақстан премьер-лигасының өткен маусымын Черевченко шәкірттері 30 турдың қорытындысы бойынша 49 ұпай жинап, турнир кестесінің бесінші сатысында аяқтады.

Пікірлер (0)

Клубтардың ресми серіктесі

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.