"Ертіс" шабуылшысы Мессидің клубында ойнағанын айтып берді

Автор
Алихан Ибраев
Автор
17.04.26, 06:31
«Ертіс» клубының жартылай қорғаушысы Юси Симамура 18 жасында аргентиналық Ньюэллс Олд Бойз клубымен қалай келісімшартқа отырғанын айтып берді, деп хабарлайды ASnews.kz.
"Ертіс" шабуылшысы Мессидің клубында ойнағанын айтып берді
Сурет: ашық дереккөздерден

«Жасөспірім кезімде Жапонияда ойнап жүрдім, бір кезде Аргентинада байланыстары бар агент маған осындай мүмкіндік ұсынды. Еш ойланбастан келістім. Өйткені „Ньюэллс“ Лионель Мессимен тікелей байланысты, ал Росарио — оның туған қаласы. Әрине, бұл үлкен әсер қалдырды.

Оңтүстік Америкадағы тәжірибе мені шыңдады. Өтірік айтпаймын, дәл сол жерде футболдың негіздерін үйрендім. Бұл өмірімдегі маңызды кезең болды. Ең қатты таңғалдырғаны — түнде атылған оқ дауыстары, сондай жағдайда ұйықтап көр», — деді Симамура.

Еске салайық, 26 жастағы футболшы Юси Симамура наурыз айында словакиялық «Михаловце» клубынан «Иртышқа» ауысқан. Қазақстан Премьер-лигасындағы төрт матчта жапониялық ойыншы бір гол соғып, бір пенальти алып берді.

Ньюэллс Олд Бойз — Аргентинадағы танымал клубтардың бірі, онда Лионель Месси кәсіби мансабын бастаған. Клуб вице-президенті Хуан Мануэль Мединаның айтуынша, басшылық шабуылшыны 2027 жылы қайта оралту бағытында жұмыс жүргізіп жатыр.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
14
2
Ордабасы
12
3
Елімай
12
4
Қызылжар
11
5
Оқжетпес
11
6
Ұлытау
11
7
Астана
9
8
Жетісу
8
9
Атырау
7
10
Ақтөбе
7
11
Ертіс
6
12
Жеңіс
6
13
Қайсар
4
14
Алтай
3
15
Тобыл
2
16
Каспий Ақтау
1