Мақалалар ХК «Барыс» Серіктес«Барыс» ХК
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы
Ресми серіктестік · 2026/27 маусымы «Fonteam» ақпарат агенттігі «Барыс» ХК серіктесі атанды hcbarys.kz

Жақын матчтар

Ресми: Асхат Тағыберген «Тобылмен» келісімшартын ұзартты

Қостанайлық «Тобыл» команда капитаны Асхат Тағыбергенмен келісімшарт мерзімін ұзартты. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Алихан Ибраев
Автор ·
1 минут оқу
Ресми: Асхат Тағыберген «Тобылмен» келісімшартын ұзартты
Сурет: ашық дереккөздерден

Тәжірибелі жартылай қорғаушы өткен маусымда команданың негізгі тіректерінің біріне айналды. Ол барлық турнирде 29 матч өткізіп, үш гол соқты және жеті нәтижелі пас берді.

Сондай-ақ биыл Тағыберген Қазақстан Премьер-лигасындағы 400-ші кездесуін өткізіп, отандық футболдағы айтулы межеге жетті.

«Тобыл» президенті Айдос Дүйсенбиев капитанның тәжірибесі мен көшбасшылық қасиеттерін жоғары бағалады.

«Мұндай футболшылар командаға қажет. Асхаттың тәжірибесі мол, көшбасшылық қасиеттері қалыптасқан әрі клубтың талаптарын жақсы біледі. Оның тәжірибесі мен кәсібилігі жаңа маусымда жоғары нәтижелерге қол жеткізуімізге көмектеседі деп сенеміз», – деді клуб президенті.

Пікірлер (0)

Клубтардың ресми серіктесі

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.