Дереккөздің мәліметінше, осы маусым барысында 58 жастағы маман «россонерилер» басшылығы тарапынан қолдауды сирек сезінген. Айта кетейік, Аллегри «Миланнан» кеткен жағдайда Италия ұлттық құрамасы тізгінін ұстауы мүмкін. Сонымен қатар, Napoli клубы да Антонио Конте кеткен жағдайда бапкерді негізгі үміткерлер қатарына қосқан.
Аллегри италиялық алпауыт клубтың бас бапкері қызметіне 2025 жылдың жазында келген еді. Қазіргі таңда Серия А-ның 32 турында «Милан» 63 ұпай жинап, турнирлік кестеде үшінші орында тұр.