Жақын матчтар
Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде 119-орынға түсіп қалды
Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) ерлер құрамаларының жаңартылған рейтингін жариялады. Қазақстан ұлттық командасы 117-ші орыннан 119-шы сатыға төмендеді.
Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасының еншісінде 1160,72 ұпай бар. Джон ван ’т Схиптің жетекшілігімен өткен соңғы матчтарда ұлттық команда Словакиямен тең ойнап (2:2), Молдовадан жеңіліс тапқан еді (1:2).
Ал Ұлттар лигасындағы топтағы қарсыластарымызға келсек, олардың арасындағы ең жоғары орынды Словакия иеленіп отыр – олар 45-ші орыннан 47-ші сатыға сырғыды. Фарер аралдары өз көрсеткішін жақсартып, 126-шы орыннан 123-ші орынға көтерілді, ал Молдова командасы бұрынғы 157-ші позициясын сақтап қалды.
Ұлттар лигасы сәтсіз аяқталды
Еске сала кетейік, 2026/2027 жылғы УЕФА Ұлттар лигасының маусымы Қазақстан құрамасы үшін сәтсіз аяқталды. C3 тобындағы алты турдың қорытындысы бойынша ұлттық команда бірде-бір жеңіске жете алмай, үш мәрте тең түсті және үш рет жеңіліске ұшырады. Бар болғаны үш ұпай жинаған қазақстандықтар өз квартетінде соңғы, төртінші орынды еншіледі.
Пікірлер (0)
Ең сенімді букмекер
нұсқасы бойынша
Толығырақ