Жақын матчтар
Скотт Манн Джон ван ’т Схиптің жалақысы жайлы пікір білдірді
Ұлттық құрама Ұлттар лигасының топтық кезеңінде небәрі үш ұпай жинай алды.
ҚФФ бас хатшысы Скотт Манн ұлттық құраманың бұрынғы бас бапкері Джон ван ’т Схиптің ай сайынғы жалақысы тым жоғары деген БАҚ-тағы ақпараттарға түсініктеме берді:
«БАҚ-та таралып жатқан бас бапкердің жалақысы туралы ақпарат мүлдем шындыққа жанаспайды. Оның жалақысы Талғат Байсуфиновтың жалақысымен бір деңгейде. Ол одан артық та, кем де алмайды. Оның үстіне, бұқаралық ақпарат құралдары жазған соманы Джон ван ’т Схип тіпті төрт айлық жұмысында да алған жоқ», – деп мәлімдеді ҚФФ бас хатшысы Скотт Манн.
Еске сала кетейік, Джон ван ’т Схиптің жетекшілігімен Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының C дивизионындағы топтық кезеңін сәтсіз өткізді. Турнирдің алты матчында ұлттық команда бірде-бір жеңіске жете алмай (үш тең ойын және үш жеңіліс), үш ұпай жинады және C3 квартетінде соңғы, төртінші орынға тұрақтады. Цикл аяқталғаннан кейін нидерландлық маман келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты құраманың бас бапкері қызметінен кетті.
Пікірлер (0)
Ең сенімді букмекер
нұсқасы бойынша
Толығырақ