Жақын матчтар
«Тобыл» тағы бір экс-футболшысына қарыз болып шықты
Қостанайлық «Тобыл» Марокко құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Ахмед Эль-Мессаудиге қарыз болып қалды.
Футболшының «Тобылмен» жасасқан келісімшартында нәтижелі әрекеттер үшін сыйақы қарастырылған. Қостанайлық команда сапында өткізген екі маусым ішінде 31 жастағы марокколық 15 гол соғып, 14 нәтижелі пас бергенімен, тиесілі қаржылай сыйақысын әлі күнге дейін алмаған.
«Біз ФИФА-ға жүгінгіміз келмейді, өйткені Ахмед бұл клуб пен жанкүйерлерді қатты құрметтейді. Бірақ қазір мәселе тек ақшада емес, адами қарым-қатынаста болып тұр. Қоңырауларды жауапсыз қалдыруға бола ма?» – деді ойыншының өкілі.
Сонымен қатар клуб қарыздың бар екенін растап, оны қысқа мерзім ішінде өтеуге уәде берді.
Еске сала кетейік, Ахмед Эль-Мессауди «Тобылға» 2024 жылы нидерландтық «Эмменнен» ауысып келген еді. 59 матч өткізген жартылай қорғаушы Қазақстан Кубогы мен Суперкубогын жеңіп алды. Бұған дейін «Гронинген» мен «Стандард» сапында өнер көрсеткен. Қазіргі таңда Эль-Мессауди қытайлық «Циндао Хайню» клубында ойнайды.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.
Пікірлер (0)
Ең сенімді букмекер
нұсқасы бойынша
Толығырақ