Жақын матчтар
"Хабар" телеарнасы Чемпиондар лигасы матчтарын көрсететін болды
«Хабар» телеарнасы УЕФА ұйымдастыратын үш бірдей еурокубок турнирінің матчтарын тікелей эфирде көрсететінін мәлімдеді.
24 қарашадан бастап жанкүйерлер Чемпиондар лигасының ойындарын тамашалай алады. Ал кейінірек Еуропа лигасы мен Конференция лигасының кездесулері де эфирге шығады.
Бұл туралы телеарнаның әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланды. Футбол жанкүйерлері матчтарды теледидардан бөлек, Khabar.kz сайты арқылы да онлайн көре алады.
Еурокубок бәсекелері жалпы кезеңнің шешуші бөлігіне жақындап келеді. Чемпиондар лигасында төрт турдан кейін басты фавориттер белгілі бола бастады. Дегенмен плей-офф жолдамалары үшін тартыс әлі алда. Әр команданың еншісінде тағы төрт кездесу бар.
Чемпиондар лигасының қазіргі жеңімпазы – Францияның «Пари Сен-Жермен» клубы. Париждіктер 2025/26 жылғы маусымның финалында Лондонның «Арсеналымен» негізгі уақытта 1:1 есебімен тең түсіп, пенальти сериясында 4:3 есебімен басым түсті. Осылайша ПСЖ құрлықтың басты клубтық додасында қатарынан екінші рет топ жарды.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.
Пікірлер (0)
Ең сенімді букмекер
нұсқасы бойынша
Толығырақ