Жақын матчтар
Неймар мансабын қашан аяқтайтынын айтты
Бразилиялық «Сантос» клубының капитаны әрі жартылай қорғаушысы Неймар футболдағы мансабын аяқтау туралы ойымен бөлісіп, өзіне қатысты айтылған сынға жауап берді.
Сондай-ақ футболшы болашақ жоспарларымен бөлісті. Бұл туралы RMC Sport басылымы хабарлады.
34 жастағы футболшы өзінің физикалық жағдайы мен кәсіби мансабына қатысты ашық пікір білдірді.
«Кәсіби түрде тағы бес-алты жыл ойнай аламын ба? Жоқ», – деді бразилиялық.
Сондай-ақ ол жиі жарақат алатыны үшін өзін сынайтындарға да жауап қатты.
«Егер сенің тізең менікіндей болса, мені түсінер едің», – деді Неймар.
Бұдан бөлек, футболшы үлкен футболдан кеткеннен кейінгі жоспарымен де бөлісті.
«Мен Kings League турнирінде ойнағым келеді. Оған 2030 жылы қатысамын», – деді ол.
2026 жылғы Бразилия чемпионатында «Сантос» капитаны мүмкін болған 34 матчтың 15-не қатысып, сегіз гол соқты, үш нәтижелі пас берді.
Неймардың «Сантоспен» келісімшарты 2026 жылдың желтоқсан айында аяқталады. Transfermarkt порталы футболшының нарықтық құнын 8 миллион еуроға бағалап отыр.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.
Пікірлер (0)
Ең сенімді букмекер
нұсқасы бойынша
Толығырақ