Мақалалар
Fonbet
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

Жақын матчтар

"Футзал клубтарын жекешелендіруді көздейміз": Талғат Қосмұхамбетов

Қазіргі таңда Суперлига клубтарының басым көпшілігі жергілікті бюджетке тәуелді.

Мағжан Сұлтанұлы
Автор ·
2 минут оқу
"Футзал клубтарын жекешелендіруді көздейміз": Талғат Қосмұхамбетов
Сурет: ашық дереккөздерден

ҚКФЛ президенті Талғат Қосмұхамбетов Fonteam.kz сайтына берген сұхбатында кәсіби футзал клубтарының инвесторлармен тығыз жұмыс жасап жатқанын атап өтті:

"Бұл – қазіргі таңдағы басты мақсаттардың бірі. Клубтарымыз өздеріне жұмыс жасап, қаржылай тұрақты болғанын қалаймыз. Президентіміз жолдауында айтып өткендей, футбол және футзалдағы кәсіби клубтар мемлекетке тәуелді болмай, жекешелендіру процесінен өтуі қажет. Сол себепті, осы жолда жұмыстар жасалуда", – деді ҚКФЛ президенті баспасөз мәслихатында.

Осы маусымда Қазақстан Суперлигасында 12 команда бақ сынасуда. 12 тур қорытындысы бойынша "Ақтөбе" турнирлік кестеде көш бастап тұр. "Семей" мен алматылық "Қайрат" үздік үштік қатарында.

Лига жайлы

Қазақстан кәсіпқой футзал лигасы (ҚКФЛ) – еліміздегі кәсіпқой футзал жарыстарын ұйымдастыру мен дамытуға бағытталған жаңа тәуелсіз құрылым.

11 қыркүйекте Астанада ҚКФЛ-дің ресми таныстырылымы өтіп, Қазақстан Суперлигасының чемпионатын ұйымдастыру және өткізу құқығы жаңа тәуелсіз құрылымға берілді.

Қазіргі таңда ҚКФЛ президенті – Талғат Қосмұхамбетов. Лиганың негізгі міндеттері – кәсіпқой футзалды дамыту, чемпионатты коммерцияландыру, клубтарға қолдау көрсету, демеушілер тарту және жанкүйерлермен байланысты нығайту. 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

Пікірлер (0)

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.

21+. Fonbet — «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС, 31.08.2021 ж. берілген № 21025302 лицензия. Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қ.ә., Щучинск қ., Санаторий Светлый көшесі, 11-үй. Сайт: fonbet.kz