Жақын матчтар
"Қайраттың" экс-ойыншысы Қытай чемпионатында чемпиондықтан айырылды
Алматылық «Қайраттың» экс-футболшысы Егор Сорокин өнер көрсететін қытайлық «Чэнду Жунчэн» клубы ең соңғы турда жергілікті чемпионаттың алтын медалінен айырылып қалды.
Команда бүкіл маусым бойы турнирлік кестеде сенімді түрде көш бастап келген еді, ал мәреге бес матч қалғанда ең жақын қарсыласынан 14 ұпайға озып тұрды. Алайда, клуб бұл айтарлықтай басымдықты сақтап қала алмады.
Чемпионаттың қорытынды турында «Чэнду Жунчэн» «Шаньдун Тайшаньнан» 2:3 есебімен жеңілді. Бұл мүмкіндікті басты бәсекелесі «Далянь Инбо» ұтымды пайдаланып, «Тяньцзинь Цзиньмэнь Тайгерді» (3:1) ұтты. Нәтижесінде екі команда да 52 ұпайдан жинады, бірақ қосымша көрсеткіштердегі басымдықтың арқасында чемпиондық атақ «Далянь Инбоға» бұйырды.
Айта кетейік, алматылық «Қайраттың» бұрынғы қорғаушысы Егор Сорокин – қытайлық клубтың негізгі құрам ойыншысы. Аяқталған маусымда футболшы «Чэнду Жунчэн» сапында 30 матч өткізіп, өз еншісіне төрт гол жазды.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.
Пікірлер (0)
Ең сенімді букмекер
нұсқасы бойынша
Толығырақ