Мақалалар
Fonbet
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

Жақын матчтар

«Бір жұдырықтай жұмылдық»: «Ордабасы» капитаны чемпиондықтың себептерін атады

Өткен маусымда «Ордабасы» алтын дубль жасаған болатын.

Алихан Ибраев
Автор ·
2 минут оқу
«Бір жұдырықтай жұмылдық»: «Ордабасы» капитаны чемпиондықтың себептерін атады
Сурет: ашық дереккөздерден

Шымкенттік «Ордабасының» қорғаушысы әрі капитаны Сергей Малый өткен маусымда команданың жоғары нәтижелерге қол жеткізуіне көмектескен негізгі факторлар туралы айтты:

«Ең алдымен, бұл – Жаратушыға деген сенім. Екіншіден – еңбекқорлық: биыл бәріміз өте көп жұмыс істедік. Үшіншіден – ұйымшыл ұжым. Басшылық, бапкерлер штабы және футболшылар арасында тамаша байланыс болды. Бәріміз бір жұдырықтай жұмыла жұмыс істедік, Құдайға шүкір, осының бәрі түбінде осындай нәтижеге әкелді. Келесі маусымға жоспар? Ол әрдайым ең жоғары деңгейде. Бұйырса, бәрі жақсы болады деп үміттенемін. Бірнеше күннен кейін ұлттық құраманың ойындары күтіп тұр, сондықтан содан кейін барып демаламыз», – деп бөлісті Малый «Бірінші бол» жобасына берген сұхбатында.

Айта кетейік, 2026 жылғы маусым «Ордабасы» үшін тарихи болды. Команда 68 ұпай жинап, өз тарихында екінші рет чемпиондық атақты жеңіп алды және УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіне жолдама алды. Оған қоса, шымкенттіктер Қазақстан кубогының финалында қызылордалық «Қайсарды» ірі есеппен жеңіп, алғаш рет «алтын дубль» жасады.

Сондай-ақ шымкенттіктер KFF Awards 2026 рәсімінде басты жекелей марапаттарды да қанжығасына байлады: Бьорн Йонсен үздік ойыншы, шабуылшы және сұрмерген атанса, 19 жастағы Жасұлан Әмір үздік жас футболшы және «Жыл серпілісі» марапатын иеленді, Бекхан Шайзада – үздік қақпашы, ал Андрей Мартин маусымның үздік бапкері атағына лайық деп танылды.

Қазақстан премьер-лигасының күміс және қола медальдары алматылық «Қайрат» (65 ұпай) пен елордалық «Астанаға» бұйырғанын еске саламыз.

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

Пікірлер (0)

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.

21+. Fonbet — «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС, 31.08.2021 ж. берілген № 21025302 лицензия. Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қ.ә., Щучинск қ., Санаторий Светлый көшесі, 11-үй. Сайт: fonbet.kz