Мақалалар
Fonbet
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

Жақын матчтар

«Реал» «Валенсияны» ірі есеппен жеңіп, «Барселонамен» теңесті

Мадридтік «Реал» Испания чемпионатындағы жеңісті сериясын жалғастырды. «Месталья» стадионында өткен кездесуде корольдік клуб алаң иелері «Валенсияны» 3:0 есебімен жеңді.

Алихан Ибраев
Автор ·
1 минут оқу
«Реал» «Валенсияны» ірі есеппен жеңіп, «Барселонамен» теңесті
Килиан Мбаппе. Фото: Getty Images

Мадридтіктер алғашқы минуттардан-ақ ойын тізгінін өз қолына алып, үзіліске дейін екі гол соқты. 28-минутта Федерико Вальверде есеп ашса, араға сегіз минут салып Арда Гүлер командасының басымдығын арттырды.

Екінші таймда «Валенсия» ойын барысын өзгертуге тырысқанымен, «Реалдың» қорғанысын бұза алмады. Ал 75-минутта Килиан Мбаппе қарсылас қақпасын дәл көздеп, есепті 3:0-ге жеткізді.

Төрт минуттан кейін алаң иелерінің жағдайы одан әрі қиындай түсті. «Валенсияның» капитаны әрі қорғаушысы Хосе Гайя қызыл қағаз алып, командасын он ойыншымен қалдырды. Қалған уақытта есеп өзгерген жоқ.

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

Пікірлер (0)

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.

21+. Fonbet — «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС, 31.08.2021 ж. берілген № 21025302 лицензия. Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қ.ә., Щучинск қ., Санаторий Светлый көшесі, 11-үй. Сайт: fonbet.kz