Жақын матчтар
«Бернли» 4:1 есебімен алда тұрып, жеңіліп қалды: Сәтпаев ойынға қатыспады
Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев өнер көрсететін «Бернли» Чемпионшиптің 15-туры аясында сырт алаңда «Кардифф Ситиге» жол берді.
Қонақтар кездесу барысында үш доп айырмасымен алда тұрғанымен, қорытындысында 4:5 есебімен жеңіліс тапты. 25-минутқа қарай Андреас Унтонджи (15-минут) мен Маркус Эдвардстың (25-минут) соққан голдарының арқасында «Бернли» 2:0 есебімен алға шықты. Үзіліске дейін Олли Таннер есеп айырмасын қысқартты (40-минут). Екінші таймда Ларжи Рамазани (55-минут) және Алекс Робертсонның автоголы есепті қонақтардың пайдасына 4:1-ге жеткізді.
Осыдан кейін уэльстік клуб қатарынан төрт гол соқты. 65-минутта Юсеф Салех есеп айырмасын қысқартса, 75-минутта Джек Мойлан пенальтиді сәтті орындады, ал кейін Салех дубль авторы атанып, таразы басын теңестірді. Қосымша уақытта Алекс Робертсон бесінші голды соғып, «Кардиффке» жеңіс сыйлады.
Айта кетейік, қазақстандық футболшы Дастан Сәтпаев жарақатына байланысты бұл матчтың тізіміне енген жоқ. «Бернли» үшін бұл сәтсіздік жеңіссіз сериясын алты ойынға дейін созды. Команда еншісіндегі 10 ұпаймен Чемпионшиптің турнирлік кестесінде 22-орында қалды.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.
Пікірлер (0)
Ең сенімді букмекер
нұсқасы бойынша
Толығырақ