"Бавария" "Реалды" екінші матчта да тізе бүктірді

Автор
Алихан Ибраев
Автор
16.04.26, 04:52
2025/2026 жылғы Чемпиондар лигасының 1/4 финалының қарымта матчында Бавария мен мадридтік Реал Мадрид кездесті.
"Бавария" "Реалды" екінші матчта да тізе бүктірді
Сурет: ашық дереккөздерден

Ойын Мюнхендегі Арена Мюнхен стадионында өтті. Кездесудің бас төрешісі Славко Винчич болды. Матч 4:3 есебімен мюнхендіктердің жеңісімен аяқталды.

Ойынның алғашқы минутында-ақ Реал Мадрид жартылай қорғаушысы Арда Гюлер «Бавария» қақпашысы Мануэль Нойер жіберген қателікті пайдаланып, есеп ашты. 6-минутта алаң иелерінің хавбегі Александар Павлович таразы басын теңестірді. 29-минутта Гюлер айып соққысынан дубль жасап, қонақтарды алға шығарды. 38-минутта Бавария шабуылшысы Гарри Кейн есепті 2:2-ге жеткізді. 42-минутта Килиан Мбаппе мадридтіктердің үшінші голын соқты.

Екінші таймда 86-минутта Реал Мадрид жартылай қорғаушысы Эдуарду Камавинга алаңнан қуылды. 89-минутта Луис Диас есепті теңестірді. Ал матчтың соңында, 90+4-минутта Майкл Олисе жеңіс голын соқты.

Алғашқы ойында Бавария Реал Мадрид клубын 2:1 есебімен жеңген болатын. Осылайша, мюнхендіктер Чемпиондар лигасының жартылай финалына шығып, Пари Сен-Жермен командасымен кездеседі.

1/8 финалда «корольдік клуб» екі матчтың қорытындысы бойынша Манчестер Сити командасын 5:1 есебімен жеңді. Ал мюнхендіктер осы кезеңде Аталанта клубын 10:2 есебімен ойсырата ұтты.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
14
2
Ордабасы
12
3
Елімай
12
4
Қызылжар
11
5
Оқжетпес
11
6
Ұлытау
11
7
Астана
9
8
Жетісу
8
9
Атырау
7
10
Ақтөбе
7
11
Ертіс
6
12
Жеңіс
6
13
Қайсар
4
14
Алтай
3
15
Тобыл
2
16
Каспий Ақтау
1