Жақын матчтар
«Ордабасы» – «Қайсар»: Қазақстан кубогы финалына төрешілер тағайындалды
Қазақстан футбол федерациясының Төрешілер комитеті 2026 жылғы Қазақстан кубогының финалдық матчына қызмет көрсететін төрешілер бригадасын бекітті. Бұл туралы ҚФФ ресми сайты хабарлады.
7 қараша, сенбі күні өтетін «Ордабасы» мен «Қайсар» арасындағы шешуші кездесудің бас төрешісі болып Болат Сәриев тағайындалды.
Төрешілер бригадасының құрамы төмендегідей:
-
Бас төреші: Болат Сәриев (Орал);
-
Бас төрешінің көмекшілері: Юрий Тихонюк (Ақтөбе), Дмитрий Белоградов (Павлодар);
-
Қосалқы төреші: Александр Затула (Өскемен);
-
VAR төрешісі: Саят Қарабаев (Астана);
-
AVAR төрешісі: Бағдат Абдоллаев (Тараз).
Естеріңізге салсақ, «Ордабасы» ҚПЛ маусымын бірінші орынмен аяқтап, чемпион атанған болатын. Ал, «Қайсар» керісінше, кестенің соңғы орнында маусымды бітіріп, жоғарғы лигадан ұшып кеткен болатын.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.
Пікірлер (0)
Ең сенімді букмекер
нұсқасы бойынша
Толығырақ