Жақын матчтар
«Атлетико» – «Барселона»: Ла Лига матчының тікелей трансляциясы
Испания чемпионатының 12-туры аясында мадридтік «Атлетико» мен каталониялық «Барселона» өзара кездеседі.
«Метрополитано» стадионында өтетін матч 8 қарашадан 9 қарашаға қараған түні Қазақстан уақытымен сағат 01:00-де басталады. Испаниялық алпауыттардың тартысын мына сілтеме арқылы тіркелгеннен кейін тегін тамашалауға болады – сілтеме.
«Атлетико» Испания чемпионатының турнирлік кестесінде екінші орында тұр. Мадридтік клуб көш басындағы «Барселонадан» небәрі екі ұпайға қалып келеді. Диего Симеоне шәкірттері Ла Лигада қатарынан жеті матчта жеңіске жетті. Олар «Реал Сосьедадты» (3:0), «Осасунаны» (4:0), мадридтік «Реалды» (2:1), «Алавесті» (2:1), «Эспаньолды» (1:0), «Депортивоны» (1:0) және «Леванте» (2:0) ұтты.
Ал «Барселона» соңғы турда «Алавесті» 6:1 есебімен ойсырата жеңгенімен, оған дейін «Эль-Класикода» «Реалға» 1:2 есебімен жол берген еді. Дегенмен бұл жеңіліс каталониялық клубтың чемпионаттағы көшбасшылығына әсер еткен жоқ.
Өткен маусымда командалар барлық турнирді қоса есептегенде алты рет кездескен. «Атлетико» Ла Лигадағы екі ойында да қарсыласына есе жіберді (1:3, 1:2). Алайда мадридтік ұжым Испания кубогының (4:0, 0:3) және Чемпиондар лигасының (2:0, 1:2) қос ойын қорытындысы бойынша каталониялықтарды жарыстан шығарып жіберді.
Бұл жолы қарсыластар арасындағы тартыс қалай өрбімек?
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.
Пікірлер (0)
Ең сенімді букмекер
нұсқасы бойынша
Толығырақ