Нойер Роналду мен Мессиге жақындады

Автор
Fonteam редактор
Автор
16.04.26, 03:33
Бавария қақпашысы Мануэль Нойер Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде мюнхендік клубтың негізгі құрамында 70-рет алаңға шықты.
Нойер Роналду мен Мессиге жақындады
Сурет: ашық дереккөздерден

Бұл көрсеткіш ол мадридтік Реал Мадрид клубына қарсы өткен турнирдің 1/4 финалының қарымта матчында тіркелді.

Енді неміс қақпашысы Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде негізгі құрамда ең көп ойын өткізген футболшылар тізімінде үшінші орынға көтерілді. Ол тек Криштиану Роналду (83 матч) мен Лионель Месси (76 матч) көрсеткіштерінен ғана қалып келеді, деп хабарлайды Squawka.

Алғашқы ойында Бавария Реал Мадрид клубын 2:1 есебімен жеңген болатын.

1/8 финал кезеңінде «корольдік клуб» екі матчтың қорытындысы бойынша Манчестер Сити командасын 5:1 есебімен жеңді. Ал мюнхендіктер дәл осы кезеңде Аталанта клубын екі ойын қорытындысында 10:2 есебімен тас-талқан етті.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
14
2
Ордабасы
12
3
Елімай
12
4
Қызылжар
11
5
Оқжетпес
11
6
Ұлытау
11
7
Астана
9
8
Жетісу
8
9
Атырау
7
10
Ақтөбе
7
11
Ертіс
6
12
Жеңіс
6
13
Қайсар
4
14
Алтай
3
15
Тобыл
2
16
Каспий Ақтау
1