Мақалалар
Fonbet
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

Жақын матчтар

Қақпашымен соқтығысқан испаниялық «Тенерифе» шабуылшысы 30 жасында көз жұмды

Испанияның «Тенерифе» клубының шабуылшысы Хесус де Мигель 30 жасында қайтыс болды.

Fonteam редактор
Автор ·
2 минут оқу
Қақпашымен соқтығысқан испаниялық «Тенерифе» шабуылшысы 30 жасында көз жұмды
Сурет: ашық дереккөздерден

Футболшы екінші дивизион аясында «Андорраға» қарсы өткен матчта ауыр жарақат алған еді. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

2 қараша күні ойынның қосымша уақытында Мигель қарсылас қақпашысы Хесус Овономен соқтығысып қалған. Қақпашының тізесі шабуылшының кеудесіне тиіп, футболшы есінен танып қалған. Осы эпизодтан кейін төреші Овоноға қызыл қағаз көрсетті. Матч 2:2 есебімен тоқтатылды.

Де Мигельге алаңда алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, кейін ауруханаға жеткізілген. Алайда жолда футболшының жүрегі тоқтап қалған. Дәрігерлер жүрек соғысын қайта қалпына келтіріп, оны жансақтау бөліміне жатқызған.

3 қараша күні таңертең «Тенерифе» клубы шабуылшының қайтыс болғанын ресми түрде мәлімдеді. Клубтың хабарлауынша, футболшы жергілікті уақыт бойынша сағат 08:00-де көз жұмған.

«Қайғыдан қан жұтып, болған оқиғаға әлі де сене алмай, Хесус де Мигель Аламеданың қайтыс болғанын хабарлаймыз.

Бұл ауыр қазаны жеңілдететін сөз жоқ. Біз оның отбасына, жақындарына және бүгін осы қайғылы хабарға ортақтасып отырған «Тенерифе» жанкүйерлеріне көңіл айтамыз.

Хесус де Мигельдің отбасы көрсетілген қолдау мен көңіл айту сөздері үшін баршаға алғыс білдіреді. Сондай-ақ осынау ауыр сәтте олардың жеке өміріне құрметпен қарауды сұрайды», – делінген клуб мәлімдемесінде.

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

Пікірлер (0)

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.

21+. Fonbet — «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС, 31.08.2021 ж. берілген № 21025302 лицензия. Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қ.ә., Щучинск қ., Санаторий Светлый көшесі, 11-үй. Сайт: fonbet.kz