Жақын матчтар
Испанияда матч кезінде футболшының жүрегі тоқтап, ауруханаға жеткізілді
Испанияның «Тенерифе» клубының шабуылшысы Хесус де Мигель матч кезінде жүрегі мен тыныс алуы тоқтап, ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі уақытта футболшының жағдайы ауыр, бірақ тұрақты деп бағаланып отыр.
Оқиға Испания чемпионаты екінші дивизионының 12-туры аясында «Андорраға» қарсы өткен кездесудің соңында болған.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, «Андорра» қақпашысы Хесус Овоно қақпасынан шығып, жеке шабуылға шыққан Мигельді тоқтатуға тырысқан. Алайда ол қарсылас ойыншымен соқтығысып қалған. Төреші қақпашыға қызыл қағаз көрсетіп, ойынды тоқтатқан.
Соқтығысудан кейін Мигель есінен танып қалған. Оны алаңнан зембілмен алып шығып, кейін жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізген.
Футболшының жүрегі мен тыныс алуы тоқтағаны белгілі болды. Жедел жәрдем көлігінде дәрігерлер оның жағдайын тұрақтандырғанымен, ол есін жимаған.
Оқиғадан кейін «Тенерифе» клубы ресми мәлімдеме жасап, футболшының жағдайы тұрақты болғанымен, ауыр екенін хабарлады. Қазіргі уақытта де Мигель жансақтау бөлімінде жатыр.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.
Пікірлер (0)
Ең сенімді букмекер
нұсқасы бойынша
Толығырақ