Мақалалар
Fonbet
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

Жақын матчтар

"Сынақтарды ұнатамын": Артета "Ливерпульды" тізе бүктіргеніне қатысты пікір білдірді

Лондондық «Арсеналдың» бас бапкері Микель Артета «Ливерпульді» жеңгені туралы пікір білдірді.

Fonteam редактор
Автор ·
2 минут оқу
"Сынақтарды ұнатамын": Артета "Ливерпульды" тізе бүктіргеніне қатысты пікір білдірді
Микель Артета

Испаниялық маман сынақтарды ұнататынын айтып, команда алда тұрған міндеттің қаншалықты күрделі екенін жақсы түсінгенін атап өтті.

«Мен мұндай сынақтарды ерекше жақсы көремін. Біздің міндетіміз — 14 жыл бойы ешкімнің қолынан келмеген нәрсені жасау еді. Бұған себептер болды: кейде психологиямыз сыр берді, кейде ойын сапасы жетіспеді, ал кей жағдайларда бәрін жекелеген эпизодтар мен төрешілердің шешімдері анықтады.

Бүгін бәрі мінсіз болуы керектігін түсіндік. Кей сәттерде ашық түрде төзуге тура келетінін білдік, өйткені «Ливерпуль» хаос тудырып, жоқ жерден-ақ тік шабуылдар ұйымдастырудың шебері.

Бұл үдерістен ләззат алу керек, әйтпесе ойыннан шығып қаласың да, олар бірден жазалайды. Қалай күрескеніміз, қалай ойнағанымыз және қанша мүмкіндік жасағанымыз — мұның бәрі шынымен керемет болды», — деді Артета.

Англия Премьер-лигасының тоғызыншы турында өткен орталық матчта «Арсенал» сырт алаңда «Ливерпульді» 1:0 есебімен жеңді. Жалғыз голды 16-минутта Деклан Райстың пасынан кейін Кай Хаверц соқты.

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

Пікірлер (0)

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.

21+. Fonbet — «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС, 31.08.2021 ж. берілген № 21025302 лицензия. Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қ.ә., Щучинск қ., Санаторий Светлый көшесі, 11-үй. Сайт: fonbet.kz