Жақын матчтар
Ташкентке жарысқа барған 16 футболшы жаппай уланып, ауруханаға түсті
Ташкентте қонақүйде таңғы ас ішкеннен кейін Қарағанды облысынан барған 16 жас футболшы ауруханаға жатқызылды. Оқиғаға қатысты өңірлік Дене шынықтыру және спорт басқармасы түсініктеме берді.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, 2026 жылғы 28 қазан мен 2 қараша аралығында Ташкентте «Dostik Cup» халықаралық футбол турнирі өткен. Жарысқа Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстан командалары қатысқан.
Қарағанды облысының намысын «Jas Batir», «Nomad Akademiya» және «Skaut» жеке футбол мектептерінің командалары қорғаған. Олар 2019, 2018 және 2014 жылы туған балалар санатында өнер көрсеткен.
Турнирге барлығы 60 бала, 32 ата-ана және төрт жаттықтырушы барған. Командалардың сапарын жеке қаражат есебінен ұйымдастырған.
Қазіргі уақытта 16 бала, бір жаттықтырушы және 11 ата-ана Ташкент қаласындағы №5 қалалық инфекциялық ауруханада ем қабылдап жатыр.
Басқарма өкілдерінің хабарлауынша, турнирге барған азаматтар Ташкенттегі қонақүйде тұрып, сол жерде тамақтанған.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.
Пікірлер (0)
Ең сенімді букмекер
нұсқасы бойынша
Толығырақ