Жақын матчтар
FIFA әлем чемпионатының билеттерін сатудан 5 млрд доллар тапқан
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты Халықаралық футбол федерациясына (FIFA) қомақты табыс әкелді.
The Times басылымының мәліметінше, ұйым АҚШ, Канада және Мексикада өткен турнирдің билеттерін сатудан шамамен 5 млрд доллар кіріс алған.
Бұл – FIFA-ның 2022 жылы Катарда өткен әлем чемпионатындағы билет сатылымынан түскен табыстан бес есе көп. Ол кезде ұйым билет сатудан 929 млн доллар пайда тапқан.
FIFA өкілдері The Times басылымына нақты қаржылық көрсеткіштер ұйымның жылдық есебінде жарияланатынын хабарлаған.
Биылғы әлем чемпионатының ауқымы да бұрын-соңды болмаған. Қатысушы командалар саны 32-ден 48-ге көбейіп, ойындар саны 64-тен 104-ке жетті. Соның нәтижесінде турнир тарихында алғаш рет үш елде өткен жарысқа 6,8 миллионнан астам жанкүйер стадионнан куә болды. Бұл – әлем чемпионаттары тарихындағы рекорд.
Билет құны өте қымбат болды
Алайда футбол мерекесі жанкүйерлердің қалтасына да салмақ салды. Билет бағасы турнир басталмай тұрып-ақ қызу талқыланды. Ең арзан билеттің бастапқы құны 60 доллар болғанымен, АҚШ құрамасының топтық кезеңдегі матчтарына кіру бағасы 560 доллардан басталып, 2 735 долларға дейін жеткен.
Ал финалға баруды көздеген жанкүйерлер одан да қомақты қаржы жұмсауға мәжбүр болды. Финалдық матчқа арналған билеттердің бағасы санатына қарай 2 030 доллардан 6 370 долларға дейін сатылған.
Осылайша, 2026 жылғы әлем чемпионаты көрермен саны бойынша ғана емес, билет сатудан түскен табыс көлемі жағынан да рекорд орнатты. Турнир 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтті.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.
Пікірлер (0)
Ең сенімді букмекер
нұсқасы бойынша
Толығырақ