Жақын матчтар
«Бұл – ҚПЛ-дың алтын ғасыры»: Бьорн Йонсен Қазақстан футболы жайлы
"Ордабасы" шабуылшысы осы маусым жайлы және де Қазақстан футболының болашағы жайлы пікір білдірді.
ҚПЛ сұрмергендер көшін бастап тұрған шымкенттік «Ордабасының» шабуылшысы Бьорн Йонсен ASnews.kz тілшісіне берген сұхбатында ішкі чемпионаттың даму деңгейі мен ұлттық құраманың перспективасын жоғары бағалады.
«Болашақ туралы айтатын болсақ, сіздердің бағыттарыңыз нақты дұрыс деп ойлаймын. Мен ұлттық құрама бапкері Джон ван ’т Схипті білемін, ол жақсы маман. Сондай-ақ сіздерде федерацияның бас хатшысы бар, ол еуропалық идеяларды лигаға да, ұлттық құрамаға да енгізуге тырысып жүр. Бұл Қазақстандағы футбол айналасындағы барлық нәрсені – лиганы, федерацияны құру үшін жағымды мүмкіндіктер», – деді форвард.
Норвегиялық ойыншы басқа еуропалық турнирлермен салыстырғанда ҚПЛ-дағы бәсекелестіктің жоғары деңгейін ерекше атап өтті.
«Көп жыл бұрын маған «Астанадан» ұсыныс түскен еді, ал осында ойнаған достарым әрдайым сіздердің даму бағыттарыңыз жайлы тек жақсы пікір айтатын. Меніңше, қазір лиганың алтын ғасыры болуы мүмкін: жаңа телеқұқықтар, еурокубоктарға тұрақты түрде шығу, барлық командалар мықты. Чемпиондық мәселесі соңғы күні шешілетін лигада ойнаған керемет, бұл «Аякс», ПСЖ немесе «Селтик» он тур бұрын жеңімпаз атанатын чемпионаттарға ұқсамайды. Лиганың даму траекториясы таңғажайып», – деп атап өтті Йонсен.
Ұлттық құраманың болашағы туралы сөз қозғаған шабуылшы алдағы онжылдықта үлкен жетістіктер болатынына сенім білдірді:
«Қазір сіздерде топ-ойыншылар бар, олардың бірі «Бернлиде», екеуі Ресейде ойнайды. Мен біздің академиядан жас таланттарды көріп жүрмін – мысалы, 19 жастағы Бақдияр Әбен. Ол керемет ойыншы, бірақ ол туралы ешкім білмейді. Сондықтан сіздерде болашақ бар. Жақында жарқ ететін жігіттер бар: Әмір, Эльхан Астанов. Көпшілігіне деңгейі жоғарырақ командаларға қарсы Еуропада ойнау мүмкіндігін алу қажет. Бұл олардың бойындағы ең жақсы қасиеттерін шығарады».
Айта кетейік, ҚПЛ-2026 маусымының аяқталуына бір тур қалғанда Бьорн Йонсен «Ордабасы» сапында мерзімінен бұрын чемпиондық атаққа қол жеткізді. Норвегиялық ойыншы сұрмергендер көшін сенімді түрде бастап тұр: чемпионаттың 17 матчында ол 14 гол соғып, үш нәтижелі пас берген. Лиганың үздік үш мергені қатарына «Қайраттан» Марк Гуаль (12 доп) және «Астанадан» Марин Томасов (11) кіреді.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.
Пікірлер (0)
Ең сенімді букмекер
нұсқасы бойынша
Толығырақ