Мақалалар
Fonbet
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

Жақын матчтар

«Ордабасының» Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңіндегі қарсыластары белгілі болды

Ел чемпионы атанған «Ордабасы» футбол клубы Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде өнер көрсететіні белгілі.

Мағжан Сұлтанұлы
Автор ·
2 минут оқу
«Ордабасының» Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңіндегі қарсыластары белгілі болды
Сурет: ашық дереккөздерден

Football Meets Data сайтының мәліметінше, шымкенттік команданың ұпайы аз болғандықтан, жарысты бірінші раундтан бастайды.

Дереккөздің жазуынша, «Ордабасының» қазіргі клубтық коэффиценті 4500 ұпайды құрайды.

Қарсылас кім болуы мүмкін?

Осылайша, шымкенттік клубтың кездесуі мүмкін командалардың да тізімі белгілі болып отыр. Олардың қатарында исландиялық «Викингур» (коэффициенті – 14,250), босниялық «Борац» (14,125), әзербайжандық «Сабах» (14,000), молдавалық «Шериф» (13,000), гибралтарлық «Линкольн Ред Импс» (13,500) және румыниялық «Университатя Крайова» (12,000) клубтары бар.

Жеребе тарту рәсімі 2027 жылдың маусым айында болады. Ал, іріктеу кезеңінің алғашқы ойындары шілдеге жоспарланған.

Еске салайық, «Ордабасы» биыл тарихында екінші рет Қазақстан чемпионы атанды. Чемпионаттың аяқталуына бір тур қалғанда екінші орындағы «Қайрат» «Ақтөбемен» тең ойнап, шымкенттік команданы қуып жету мүмкіндігінен айрылды.

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

Пікірлер (0)

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.

21+. Fonbet — «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС, 31.08.2021 ж. берілген № 21025302 лицензия. Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қ.ә., Щучинск қ., Санаторий Светлый көшесі, 11-үй. Сайт: fonbet.kz