Мақалалар
Fonbet
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

Жақын матчтар

Андрей Мартин "Ордабасыдан" кете ме? Клуб бапкер іздеуде

Шымкенттік «Ордабасы» Андрей Мартинді алмастыратын маман іздеп, бапкерлер нарығына шықты.

Алихан Ибраев
Автор ·
1 минут оқу
Андрей Мартин "Ордабасыдан" кете ме? Клуб бапкер іздеуде
Андрей Мартин

ASnews.kz ақпаратына сәйкес, «Ордабасы» Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңі қарсаңында команданы дамытудың түрлі жолдарын қарастыруда. Осылайша, шымкенттік клуб Еуропада жұмыс істеу тәжірибесі бар жаңа тәлімгер іздеуге кірісті.

ҚПЛ-дың биылғы жеңімпазы жаңа бапкерге жылына екі миллион еуроға дейін жалақы төлеуге дайын – бұл Қазақстан чемпионаты үшін бұрын-соңды болмаған рекордтық сома. Дегенмен, маманның кандидатурасы өте сенімді әрі мінсіз болуы шарт. Кері жағдайда, клуб басшылығы 52 жастағы молдовалық маманмен ынтымақтастықты жалғастыра бермек.

Еске салайық, Андрей Мартин «Ордабасы» тізгінін 2024 жылдың желтоқсанында ұстаған болатын. Чемпионаттың аяқталуына бір тур қалғанда оның командасы алтын медаль жеңіп алды. Бұған дейін Кишинев тумасы молдовалық «Дачия» мен «Петрокуб» клубтарын жаттықтырған.

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

Пікірлер (0)

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.

21+. Fonbet — «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС, 31.08.2021 ж. берілген № 21025302 лицензия. Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қ.ә., Щучинск қ., Санаторий Светлый көшесі, 11-үй. Сайт: fonbet.kz