Жақын матчтар
"Қазақстан халқына алғыс айтамын": Луиш Нани
Португалиялық футболшы, «Манчестер Юнайтедтің» бұрынғы ойыншысы Луиш Нани маусым аяқталған соң «Ақтөбе» клубынан кетеді.
39 жастағы жартылай қорғаушы бұл туралы Instagram парақшасында жазды.
«Бұл – Ақтөбедегі өз алаңымызда өткізген соңғы матчым. Бірге өткен жолымыз аяқталуға жақын. Осы тамаша клубтағы баршаға, қаланың керемет тұрғындарына және бүкіл Қазақстан халқына мені жылы қабылдап, бірге өткізген сәттеріміз үшін алғыс айтамын. Чемпионатта әлі бір ойын бар, бірақ осы кезеңнен алған әсерлерім мен естеліктерім мәңгі жүрегімде қалады», – деді футболшы.
Нани «Ақтөбе» сапына 2026 жылдың қаңтарында қосылған. Қазақстан Премьер-лигасында 23 матч өткізіп, бір гол соғып, төрт нәтижелі пас берген. Қазақстан кубогында екі кездесуде екі голдың авторы атанды.
«Ақтөбе» маусымдағы соңғы матчын Қостанайда «Тобылға» қарсы өткізеді. Нанидің клубпен келісімшарты маусым соңына дейін жасалған.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.
Пікірлер (0)
Ең сенімді букмекер
нұсқасы бойынша
Толығырақ