Жақын матчтар
"Ливерпульдың" экс-ойыншысы жантүршігерлік оқиғаға тап болды
«Ливерпуль» мен «Арсеналдың» бұрынғы жартылай қорғаушысы Джермейн Пеннантқа Лондонда ит шабуылдап, ауыр жарақат алды.
Дәрігерлер оның жарасына 50-ден астам тігіс салған. Бұл туралы The Sun басылымы жазды.
Оқиға футболшы америкалық акита тұқымдас Кинг есімді итімен серуендеп жүргенде болған. Оларға неміс овчаркасы шабуыл жасаған. Пеннант итін қорғаймын дегенде жерге құлап, аяғын жарақаттаған. Оның иті де иесін қорғауға ұмтылған.
Бұрынғы футболшы ауруханаға жеткізіліп, қажетті медициналық көмек алған. Қазіргі жағдайы алаңдаушылық туғызбайды. Ол әзірге полицияға арыздануды жоспарлап отырған жоқ.
Пеннант мансабында «Ливерпуль» мен «Арсеналдан» бөлек, «Бирмингем Сити», «Уотфорд», «Лидс Юнайтед» және «Сток Сити» клубтарында өнер көрсеткен.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.
Пікірлер (0)
Ең сенімді букмекер
нұсқасы бойынша
Толығырақ