Максим Самородов "Ахматтан" қандай жағдайда кететінін айтты

Автор
Fonteam редактор
Автор
15.04.26, 11:44
Қазақстан құрамасы мен «Ахмат» клубының шабуылшысы Максим Самородов Грозный командасынан қандай жағдайда кетуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Matchtv.ru.
Максим Самородов "Ахматтан" қандай жағдайда кететінін айтты
Максим Самородов. Фото: “Ахмат” ФК

Самородов «Ахмат» сапында 2024 жылдың жазынан бері өнер көрсетіп келеді.

— Өзіңе қанша гол соғып, қанша нәтижелі пас беру керек деген межені белгіледің бе?

— Оны орындамайынша айтпаймын. Межеме жақындап қалдым. Қалған матчтарда оны асырып түсемін деп ойлаймын.

Егер ұсыныстар болса, қарастыруға дайынмын, бірақ өзіме зиян келтірмейтін жағдайда ғана. Егер бір нәрсе осында қалуым керектігін көрсетсе, онда қаламын.

— «Ахмат» сен үшін сәтті таңдау болды ма?

— 100% иә.

— Ал сен клуб үшін ше?

— Оны айта алмаймын, — деді Самородов «Все на Матч!» бағдарламасының эфирінде.

Ағымдағы маусымда 23 жастағы Самородов клуб сапында 28 матч өткізіп, 4 гол соғып, 7 нәтижелі пас берген. Жалпы «Ахмат» үшін 60 ойында 12 гол және 11 ассист тіркеген.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

15.04.26, 11:44

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
40
2
Қайрат
39
3
Оқжетпес
27
4
Елімай
26
5
Астана
26
6
Ақтөбе
25
7
Ұлытау
23
8
Атырау
18
9
Жетісу
18
10
Жеңіс
18
11
Қайсар
18
12
Қызылжар
15
13
Тобыл
15
14
Каспий Ақтау
14
15
Алтай
13
16
Ертіс
11