Жақын матчтар
Ресми: Рафаэль Оразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
Алматылық «Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин өз еркімен қызметінен кету туралы шешім қабылдады. Клуб басшылығы маманның өтінішін қанағаттандырып, отставкасын қабылдады.
Рафаэль Оразбахтин алматылық ұжымның тізгінін 2024 жылдың қыркүйегінде ұстап, алғашқы маусымында-ақ «сары-қараларды» Қазақстан чемпиондығына жеткізген болатын.
Оның жетекшілігімен 2025 жылы команда Қазақстан Суперкубогын иеленіп, ел біріншілігіндегі алтын медальдарын сәтті қорғап қалды. Сонымен қатар, Оразбахтиннің тұсында «Қайрат» өз тарихында алғаш рет УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне жолдама алды. Ал биылғы, 2026 жылғы маусымда команда УЕФА Конференциялар лигасының жалпы кезеңіне шығып, Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Енді негізгі команданы алдағы «Алтайға» қарсы матчқа бас бапкердің міндетін атқарушы ретінде Жора Арутюнян дайындайды. Бұған дейін ол «Қайрат-Жастар» қосалқы құрамын жаттықтырған еді.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.
Пікірлер (0)
Ең сенімді букмекер
нұсқасы бойынша
Толығырақ