Жақын матчтар
Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы матчтарға арналған кеңейтілген құрамы жарияланды
Қазақстан құрамасының бас бапкері Джон ван ’т Схип ұлттық құраманың қараша айындағы матчтарына шақырылған футболшылардың кеңейтілген тізімін жариялады. Құрамға 38 ойыншы енді.
Тізімде төрт қақпашы, 15 қорғаушы, 11 жартылай қорғаушы және 9 шабуылшы бар.
Қақпашылар: Темірлан Анарбеков, Бекхан Шайзада, Александр Заруцкий, Стас Покатилов.
Қорғаушылар: Әділбек Жұмақанов, Арсен Ашырбек, Әлібек Қасым, Ян Вороговский, Сергей Малый, Дамир Қасабулат, Александр Широбоков, Александр Мрынский, Еркін Тапалов, Темірлан Ерланов, Нұралы Әліп, Санжар Сатанов, Владислав Васильев, Наурызбек Жағоров.
Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов, Алмас Толыбай, Айбол Әбіken, Георгий Жуков, Исламбек Қуат, Бауыржан Исламхан, Дінмұхаммед Қараман, Станислав Басманов, Әбинұр Нұрымбет, Жасұлан Әмір, Елхан Астанов.
Шабуылшылар: Ислам Чесноков, Исмаил Бекболат, Азамат Тұяқбаев, Дастан Сәтпаев, Ғалымжан Кенжебек, Максим Самородов, Артур Шушеначев, Рамазан Кәрімов, Артем Литош.
Қараша айында Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы аясында екі матч өткізеді. 13 қарашада қазақстандықтар сырт алаңда Молдоваға қарсы ойнайды. Кездесу Кишиневтегі «Зимбру» стадионында өтеді және Астана уақытымен 22:00-де басталады.
Ал 16 қарашада Джон ван ’т Схип шәкірттері «Астана Аренада» Словакия құрамасын қабылдайды. Матчтың басталуы 20:00-ге жоспарланған.
С3 тобының төрт турында Қазақстан құрамасы 2 ұпай жинап, соңғы орында тұр. 10 ұпайы бар Словакия көш бастап келеді, ал одан кейін Фарер аралдары мен Молдова (4 ұпайдан) орналасқан.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.
Пікірлер (0)
Ең сенімді букмекер
нұсқасы бойынша
Толығырақ