Мақалалар
Fonbet
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

Жақын матчтар

"Қайрат" чемпиондыққа таласты жалғастыруда

Алматылық "Қайрат" Қазақстан Премьер-лигасының 23-турында Павлодардың "Ертіс" командасын ірі есеппен жеңді.

Алихан Ибраев
Автор ·
2 минут оқу
"Қайрат" чемпиондыққа таласты жалғастыруда
Сурет: ашық дереккөздерден

"Қайрат" бірінші таймда-ақ ойын тағдырын шешті

"Қайрат" алғашқы таймда қарсылас қақпасына жауапсыз үш гол соғып, үзіліске дейін-ақ сенімді басымдыққа ие болды. Небәрі 19 минут ішінде алматылықтар үш мәрте мергендік танытты. Испаниялық шабуылшы Марк Гуаль дубль авторы атанса, тағы бір голды Эдмилсон соқты.

Үзілістен кейін павлодарлық команданың бапкерлер штабы қақпашыны ауыстырды. Мирас Рихардтың орнына Богдан Сарнавский алаңға шықты. Бірақ бұл өзгеріс қонақтарды кезекті голдардан құтқара алмады.

Екінші таймда Марк Гуаль тағы бір мәрте көзге түсіп, хет-трик рәсімдеді. Ал кездесудің соңғы голын Азамат Тұяқбаев айып добынан тікелей соқты.

Осылайша "Қайрат" "Ертісті" 5:0 есебімен жеңіп, маңызды үш ұпайды қоржынына салды.

Алматылықтар чемпиондыққа мүмкіндік қалдырды

Бұл жеңістен кейін алматылық клуб 63 ұпай жинады. "Қайрат" Қазақстан Премьер-лигасының турнир кестесінде екінші орында тұр.

Ал көш басындағы Шымкенттің "Ордабасы" командасы 67 ұпай жинаған. Екі клубтың арасындағы айырмашылық – төрт ұпай. "Ертістің" еншісінде 26 ұпай бар. Павлодарлық ұжым турнирлік кестенің төменгі бөлігінде орналасып, жоғары дивизиондағы орнын сақтап қалу үшін күресіп жатыр.

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

Пікірлер (0)

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.

21+. Fonbet — «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС, 31.08.2021 ж. берілген № 21025302 лицензия. Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қ.ә., Щучинск қ., Санаторий Светлый көшесі, 11-үй. Сайт: fonbet.kz